Жалпы мәлімет


"University Medical Center" корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған "Ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері" ғылыми-тәжірибелік конференциясы Астана қаласында "Назарбаев университет" ДБҰ Медицина мектебінің базасында 2017 жылғы 19-20 қазан күндері өтеді. 

Конференцияның ресми бағдарламасы Қазақстанның, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің беделді, жетекші мамандары баяндама жасайтын пленарлық және секциялық отырыстарды қамтиды. Екі күн бойы конференция алаңында акушерлік, гинекология, неонатология, педиатрия, балалар онкологиясы, балалар хирургиясы, неврология, транплантология салалары бойынша 50-ден астам мәселелер талқыланады.   
 

Конференция өткізудегі басты мақсат:

  1. Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмек сапасын озық медициналық тәжірибеге, медициналық көмектің халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай жақсарту. 
  2. Жоғары технологиялық медициналық қызметтер (стационарды алмастырушы және ресурс үнемдеуші технологиялар) арқылы ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру.
  3. Балалар трансплантациясын ендіру және дамыту. Орфонды ауруларды емдеудің әдістерін дамыту.  
Сондай-ақ, конференция шеңберінде "Балалар арасында аноректальды ақаулар кезінде тоқ ішекті лапароскопиялық төмендету", "Балалар арасында портальды гипертензияны хирургиялық түзетудің қазіргі заманғы әдістері (порто-жүйелік тұйықтау, мезопортальды анастомоз"), "Үйлеспейтін донордан балаларға бауыр трансплантациясы" "Уретропексия TVT-O", "Лапароскопиялық цистэктомия" тақырыптарында шеберлік-сабақтары өткізіледі. Конференция жұмысына дәрігер-педиатрлар, неонатологтар, акушер-гинекологтар, балалар хирургтары, онкологтар, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары және өзге де мүдделі мамандар қатысады.
     
Фармацевтикалық компаниялар үшін дәрілік құралдар, жаңа ақпараттық және медициналық технологиялар, медициналық мақсаттағы бұйымдар көрмесі ұйымдастырылады.