Требования к оформлению публикации

ТЕЗИСТЕР

1.   Тезис 600 сөзден көп болмауы керек. Кестелер, графикалар немесе суреттер берілуі мүмкін, олардың әрқайсысы 100 сөз ретінде саналады.

2.   Тезистер Microsoft Word бағдарламасын пайдалана отырып, Times New Roman стилімен, 12 шрифтпен, 1,5 аралықпен жазылуы керек. Барлық тезистер, таблицалар, суреттер және графикалар электрондық түрде бір құжатпен ұсынылуы тиіс.

3.   Тезистер қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады. Тезистердің атаулары, авторлары және олардың жұмыс орындары тезис тілінде беріледі. 

4.   Тезистерде әдебиеттер тізімі болмауы керек. 

5.   Назар аударыңыздар, барлық авторлар үшін аты, әкесінің аты, тегі (қысқартусыз), жұмыс орнының толық атауы, бөлімі, кафедрасы, институты, университеті, қаласы және елі көрсетілуі тиіс. 

6.   Тезистің бөлімдері:

-        Тезистің атауы;

-        Авторлары мен  бірлескен авторы (аты, әкесінің аты, тегі қысқартусыз);

-        Барлық авторлардың жұмыс орындарының мәліметтері (бөлімше/кафедра, институт/университет/ аурухана, қала және ел);

-        Мақсат;

-        Әдістері;

-        Нәтижелері;

-        Қорытынды;

-        Болса, таблицалар, суреттер немесе графикалар.


ТОЛЫҚ МӘТІНДІ МАҚАЛАЛАР

1.      Толық мәтінді мақалалар авторларға арналған нұсқаулықтарға сәйкес Қазақстанның клиникалық медицинасы журналының сайтында  (http://clinmedkaz.org) рәсімделеді. 

2.      Толық мәтінді мақалалар қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсыныла алады.       

3.      Толық мәтінді мақалалар келесі түрлерде болуы мүмкін:        

a)      Шолу мақалалар

b)      Түпнұсқалық мақалалар 

c)      Клиникалық жағдайларды суреттеу

4.      Толық мәтінді мақалалар Microsoft Word бағдарламасын пайдалана отырып, Times New Roman стилінде 12 шрифтпен 1,5 аралықта жазылуы тиіс. Толық мәтінді мақалалар мазмұны төмендегідей ретте ұсынылуы керек: 

1)      Мақаланың атауы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын);

2)      Авторлардың АӘТ қысқартусыз үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын);

3)      Барлық авторлардың жұмыс орындары туралы мәліметтер (бөлімше/кафедра, институт/университет/ аурухана, қала және ел) үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын);

4)      Мақаланы байланыстыратын автордың АӘТ, жұмыс орны, мекенжайы (көше, қала, ел), телефон, факс және e-mail мақала жазылған тілде.

5)    Абстракт үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын). Шолу мақалаларында абстрактідегі сөздер саны 250-ден аспауы тиіс. Түпнұсқалық мақалаларда сөздер саны 250-ден аспауы керек және тиісті рәсімделіп, мақсаты, әдістері, нәтижелері, қорытындысы көрсетілуі керек. Клиникалық жағдайларды суреттегенде абстрактідегі сөздер саны 200-ден аспауы керек.

6)      Тірек сөздер үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын).

7)      Мақаланың негізгі мәтініШолу мақалаларда келесі тараулар болуы тиіс: “кіріспе”, “тақырып бойынша қосалқы тараулар” және “қорытынды”. Түпнұсқалық мақалаларда келесі тараулар болуы керек: “кіріспе”, “материалдар мен әдістер”, “нәтижелер”, “талқылаулар” және “қорытынды”. Клиникалық жағдайларды суреттеуде келесі тараулар болуы керек: “кіріспе”, “клиникалық жағдайдың суреттемесі”, “талқылау” және “қорытынды”.

8)      Таблицалар, графикалар және суреттер. Олар мақаланың негізгі мәтінінде айтылған соң тиісті ретпен қойылуы керек.

9)     Әдебиеттер тізімі. Бұл мақаланың маңызды бөлімі болғандықтан, CrossRef дерекқорына енгізіп, DOI нөмірін алу үшін талаптарға сай рәсімделуі тиіс. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу талаптары: 

a)  Сілтемелер қос аралық арқылы терілген жеке бетте көрсетілуі керек. Сілтемелер араб сандарымен нөмірленген болуы шарт [төртбұрыш жақшада], мәтінде алғаш айтылған ретімен. Сілтеме нөмірі сөйлемнің соңында нүктенің алдында көрсетіледі. Бірнеше сілтеме нөмірі пайдаланылған жағдайда олардың және сандардың арасына “-” қойылады (үш және одан да көп ретті сілтемелер пайдаланылған жағдайда (мысалы [1,2], [1-3])).

b)  Сілтемелер барлығын және мәтінде айтылған сілтемелерді қамтуы тиіс. Журналға сілтемелерде келесі мәліметтер болуы керек: авторлар, журналдың атауы (курсивпен), жыл, том, мақаланың бірінші және соңғы беті. Кітапқа сілтеме тек жылы, мақаланың бірінші және соңғы беттерін қамтуы керек. Сілтемелерді авторларды тегі, аты-жөнін көрсете отырып, келтірген жөн. Журналдың қысқартылған атауы NLM Catalog көрсетілгендей пайдаланылуы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Citing Medicine, 2- хабарласа аласыздар. Сандық объектіні анықтаушы (digital object identifier (DOI) – ондай болған жағдайда сілтемеде көрсетілуі тиіс бірегей анықтаушы.     

c)  Сілтемелер барлық авторларды қамтуы керек, авторлардың саны 7-ден көп болған жағдайда әрқайсысы сілтемеде көрсетіледі. Ал авторлар 7-ден көп болған жағдайда алғашқы алтауы көрсетіліп, сосын "т.б." деп көрсетіледі. "Қазақстанның клиникалық медицинасы" журналына сілтемені рәсімдеу (J Clin Med Kaz) Vancouver-NIH (Ванкувер - Ұлттық денсаулық институты) сілтемелерін дәйексөз алудың өзгертілген әдісін ұстанады. EndNote бағдарламалық қамтамасыздығының библиографиялық басқару құралдарын пайдала отырып, сіздер библиографиялық дерекқорды іздеп, өзіңіздің сілтемелер қорыңызды жасап, ұйымдастыра аласыз, сосын өзіңіздің әдебиеттер тізімін мезетте "Қазақстанның клиникалық медицина журналы" (J Clin Med Kaz) стилінде шығарып, сол стильде файлды (http://clinmedkaz.org/JClinMedKaz.ens) жүктей аласыздар. Типтік мысалдар төменде көрсетілген:

d)      Журналға сілтемелер

- Author AA, Author BB, Author CC, Author DD. Title of article. Abbreviated title of journal. YYYY; volume number(issue number):page numbers.

- Czira ME, Lindner AV, Szeifert L, Molnar MZ, Fornadi K, Kelemen A, et al. Association between the Malnutrition-Inflammation Score and depressive symptoms in kidney transplanted patients. Gen Hosp Psychiatry. 2011;33(2):157-165.

e)      Кітапқа сілтемелер 

- Author AA. Title of book. # edition [if not first]. Place of Publication: Publisher; Year of publication. Pagination.

- Carlson BM. Human embryology and developmental biology. 4th ed. St. Louis:Mosby; 2009. 541 p.

f)       Кітаптың тарауларына сілтемелер 

- Author AA, Author BB. Title of chapter. In: Editor AA, Editor BB, editors. Title of book. # edition. Place of Publication: Publisher; Year of publication. p. [page numbers of chapter]

- Blaxter PS, Farnsworth TP. Social health and class inequalities. In: Carter C, Peel JR, editors. Equalities and inequalities in health. 2nd ed. London: Academic Press; 1976. p. 165-78.

g)      Ағылшын тіліндегі сілтемелер 

- Егер тілі ағылшын тілінен ерекше болса, сілтеме атауынан соң түпнұсқа тілін қосу керек:

- Pak NV, Chentsova EV, Zueva MV. Transplant of neural stem cells in experimental retinopathy [in Russian]. Vestn Oftalmol. 2004;120(6):21-24

Егер дәйексөз келтірілген сілтеме латын тілінде болмаса, латыншаға ауыстырылуы керек.  Орыс мәтінін латыншаға транслитерациялау үшін http://translit.net тегін сайты пайдаланылады. 

1 қадам. Ашылатын "нұсқалар" тізімінде BSI жүйесі нұсқасын таңдаймыз.

2 қадам. Орыс тіліндегі әдебиеттер тізімін қойып, «транслитке» басамыз және транслитерацияланған әдебиеттер тізімін аламыз.

3 қадам. Мақала атауын қосымша ағылшын тіліне аударамыз, ол үшін онлайн аудармашы қызметін пайдалануға болады (https://translate.google.ru) және жақша ішінде транслитерациядан кейінгі мақала атауын қоямыз.

4 қадам. Әрі қарай журнал талаптарына сәйкес барлық қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгіземіз. Қорытындысында тараулары ағылшын тіліне аударылған мақаланың транслитерацияланған суреттеремесін аламыз.

Мысалы, транслитерацияға дейін:

- Маршакова-Шайкевич И.В. Библиометрический анализ научных журналов. Социология науки и технологий, 2014; 3 (том 5): с 38-48

Транслитерациядан кейін:

- Marshakova-Shaikevich I.V. Bibliometricheskii analiz nauchnykh zhurnalov (Bibliometric analysis of scientific journals) [in Russian]. Sotsiologiya nauki i tekhnologii. 2014;3(5):38-48


5.      Барлық мақалалар бөлімдерімен (мақала атауы, авторлары және олардың мәліметтері, Абстракт және тірек сөз, негізгі мәтін, таблицалар, суреттер, графикалар және әдебиеттер тізімі электрондық нұсқада бір құжатпен ұсынылуы тиіс.



Тезистер мен мақалалар 2017 жылғы 13 қыркүйекке дейін қабылданады.