«UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жасалатын бірегей оталар саны артып келеді

«UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жасалатын бірегей оталар саны артып келеді «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жасалатын бірегей оталар, оның ішінде балаларға ағзалар мен тіндерді алмастырып салу (транплантация) операцияларының саны жылдан жылға артып келеді. Айталық, Орталықта 2012 жылы небәрі 4 транплантация жасалса, 2016 жылы жасалған мұндай күрделі оталар саны 26-ға жетті. Жалпы «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы қызмет жасай бастағалы бері 32 – бүйрек транплантациясы, 10 – мәйіттен бүйрек транпланттау, 23 - кемік майы транплантациясы, 6 – бауыр транплантациясы атқарылды.    
Биыл еліміздің барлық денсаулық сақтау мекемелері үшін эталон болып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне озық халықаралық тәжірибелерді трансферттеу мақсатында 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ашылған Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына 10 жыл толады.

Возврат к списку