Информация для участников конференции

«University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған "Ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері" ғылыми-тәжірибелік конференция: акушерлік және гинекология, педиатрия және балалар хирургиясы бойынша қазіргі заманғы медицинадағы жетістіктер және табыстар таныстырылымы.  

Конференцияның басты тақырыбы ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын озық медициналық тәжірибе және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай әрі қарай жақсарту, отандық педиатрияда заманауи жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін, жаңа ақпараттық және медициналық технологияларды, медициналық сақсаттағы бұйымдарды енгізу. 

Конференция шеңберінде тақырыпқа сай пленарлық және секциялық отырыстар, сондай-ақ, Қазақстан, алыс және жақын шетелдердің мамандарының қатысуымен шеберлік-сабақтарын өткізіледі. 

Конференцияға 250-ге тарта адам қатысады деп жоспарланып отыр, олардың қатарында республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларынан өкілдер, VIP-қонақтар, сондай-ақ әлемге танымал отандық және шетелдік ғалымдар бар.  

Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсартуға мүдделі түрлі қызмет салаларынан, ең алдымен мемлекеттік және коммерциялық медициналық мекемелерден конференцияға қатысуға шақырамыз. 

Конференцияға қатысу үшін тіркелу керек. 

Егер Сіз ғылыми мақала жібергіңіз келсе, мұндағы ақпаратпен танысуды өтінеміз.